6.03.2024, 17:15
Оқылды: 14

Ардагер ұстаз 80 жасқа толды

Тасқала ауданы орталығындағы С.Жақсығұлов атындағы мектепте ардагер ұстаз Мастура Қуанғалиқызының 80 жасқа толуына орай «Ұстаз жолы – дара жол» атты кеш өтті.

InShot_20240306_165059844
Кеш қонақтары аудан әкімнің орынбасары Саягүл Галиева, ардагерлер ұйымының төрағасы Жәрдемғали Балыков құрбылары және жылдар бойы білім саласындағы әріптестері қатысты. Аудан әкімінің орынбасары мерейтой иесіне жылы лебізін арнап, аудан әкімнің атынан алғысхат табыс етті.

Ал ардагерлер ұйымының төрағасы Жәрдемғали Балыков Мастура Қуанғалиқызына «Ауданның құрметті ардагері» төсбелгісін табыстап, ауданның білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.

Әсерлі кеште ұлағатты ұстаздың өмір жолының бейнебаяны көрсетілді.
Бүгінде мәрт жасы – сексеннің жетегіне келген «Дара жолдың» қонағы, қадірлі ұстаз Мастура Қуанғалиеқызы білім беру ісінің үздігі.

Айтып кетсек, Мастура Қуанғалиқызының бастамасымен Камен орта мектебіне 2000 жылы Кеңес Одағының Батыры Садық Шәкелұлы Жақсығұловтың есімі берілді.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале