29.12.2016, 12:52
Оқылды: 31

Ардагердің мерейтойы өтті

????????????????????????????????????

   Тасқала аудандық аурухананың мәжіліс залында қырық жылдан астам мүлтіксіз еңбек еткен медицина саласының ардагері Талғат Қалибековтің 70 жасқа толу мерейтойына орай кездесу кеші өтті.


  Кездесуге аудан әкімі С.Әлиев, мәслихат хатшысы С.Рахимов, жұбайы Тәслима Адиқанқызы, еңбек ардагерлері және аурухана ұжымы қатысты. Алдымен жиылғандардың назарына Талғат ағаның өмірінен сыр шертетін бейнебаян ұсынылды.

   Аудан басшысы Санжар Жұматайұлы мерейтой иесін шын жүректен құттықтап, иығына шапан іліп, теледидар тарту етті.

  Мерейлі шараға келген меймандар да Талғат Андақұлына жылы лебіздерін білдіріп, гүл шоқтары мен сыйлықтарын табыс етті. Мәдениет үйінің қызметкерлері Данабек пен Бинұр Алжекеновтар «Ақ халатты абзал жандар» атты әнді шырқап, кеш қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Басқосу барысында аурухананың жас мамандары кештің басты кейіпкеріне тосын сый дайындап, ол кісінің афоризмдерін айтып, бір қуантып тастады.

   Кеш соңы Тимур Тапаловтың орындауында Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен өз мәресіне жетті.

Манас Маратұлы

Тасқала ауданы 

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале