9.12.2022, 18:08
Оқылды: 86

Ардагерлер фестивалі өтті

Бүгін С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығында «Тоғжан» қоғамдық қорының мұрындық болуымен «Ардагерлер фестивалі - 2022» атты шарасы өтті.

WhatsApp Image 2022-12-09 at 17.00.43 (2)

Фестивалға ауылдық бірнеше ауылдық округ қариялары қатысып, өнер көрсетті. Шахмат пен үстел теннесінен өзара сынға түсті.

Фестивальдың ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова өнер байқауына және спорттық сайысқа қатысушы ардагерлерге алғыс білдіріп, алдағы сайысқа сәттілік тіледі. Үміткерлер өнерінің әділ бағасын беру үшін аудандық аналар кеңесінің төрайымы Күнсұлу Шақанаева, халық театрының қоюшы режиссеры Аягүл Шоқпанова және мәдениет үйінің сүймелдеушісі Нұржан Жұмашаев әділқазы алқасы болып бекітілді.

«Қазыналы қариялар – ел қазығы» атты өнер байқауына 63 жастан жоғары ардагерлер қатысып түрлі сайыс кезеңдері бойынша бақ сынады. Байқаудың бірінші кезеңінде қариялар ұлттық аспаптарда ойнау шеберлігін көрсетсе, екінші кезеңде ұмыт қалған салт-дәстүрлерден көріністерді сахналады.

WhatsApp Image 2022-12-09 at 17.00.50 (1)

Ерулік беру, қымызмұрындық, шолпы тағу секілді тағылым тәрбиесі мол салт-дәстүр көріністері арқылы көпшілік көрермен халқымыздың бай дәстүріне қанықты. Халық әндерін нақышына келтіре шырқаудан тұратын үшінші кезеңде де ата-әжелеріміз әдемі халық әндерін әуелете шырқап кеш шырайын кіргізді.

«Аталы ел – баталы ел» және «Мың бір мақал» деп аталатын сайыста әр ауылдан келген батагөй қарияларымыз дастархан батасы, сапарға шыққанда берілетін бата, жас балаға, жас келінге немесе отау құрған жастарға арналған бата түрлеріне тоқталды.

Сонымен қатар ақсақалдарымыз басталған мақалдың жалғасын тауып даналықтың үлгісін көрсетті.

Фестиваль қорытындысында сайыс түрлерінен сынға түскен әр ауылдың ардагерлеріне дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

WhatsApp Image 2022-12-09 at 17.00.46 (1)

Жансая Жұмажанқызы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале