26.08.2021, 11:14
Оқылды: 131

Ардагерлер сынға түсті

24 тамыз күні облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының, облыстық ардагерлер кеңесінің және "Интеграл" ЖҚБ ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай зейнет жасындағы ардагерлер арасында шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және волейболдан облыстық спартакиада өткен болатын.

239441780_1187427775091420_6182738113788676184_n

Жарысқа Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарынан және Орал қаласынан барлығы 100-ге жуық спортты серік еткен аға ұрпақ өкілдері қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Жарыс нәтижесінде дойбы ойынынан Білекбай Казиханов ІІІ орынды иеленді.

240604683_1187428135091384_3127494964484249246_n

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломдарымен, медальдарымен, «Интеграл» жастар қоғамдық бірлестігінің сыйлықтарымен және демеушілердің ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.

Барлық ардагер спортшыларға аудан әкімі атынан да алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

 

Мирас Жұмашев,

«Шыңғырлау» спорт клубының әдіскері

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале