29.09.2021, 17:21
Оқылды: 57

Ардагерлер үйіндегі тағылымды кездесу

Жәнібек ауданы орталығындағы Ардагерлер үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және Халықаралық қарттар күніне орай №1 мектеп-лицейдің оқушыларымен кездесу өткізіліп, оған аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен аталған білім ордасының 9,10,11-сынып оқушылары қатысты.

IMG-20210929-WA0037

Алдымен оқушыларды бастап келген мектеп-лицейдің тарих пәні мұғалімі Айдана Сапиоллина сөз алып, «Ардагерлер үйі» деген жазуы бар ғимаратты сырттай көріп жүргенін, бірақ ішінде не болып жататынынан бейхабар екенін, бүгін осы мекемеге оқушыларды бастап келіп, жақынырақ танысудың сәті түскенін айтты.

Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев оқушыларды қуана қарсы алып, Ардагерлер үйінің есігі келушілерге әрдайым айқара ашық екенін айтып, белсенді өмір салтын ұстанатын ардагерлердің оқушыларға халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын насихаттауға, адамгершілік, патриоттық тәрбие беру бағытында жұмыстануға дайын екенін жеткізді. Бұдан кейін ол ардагерлер кеңесінің атқарып отырған қызметі жөнінде бөлмелерді аралата жүріп оқушыларды ауданның өткен тарихымен, бүгінгі жүріп келе жатқан жолымен жан-жақты таныстырды.

Осыдан соң оқушылар шағын концерт қойды, ардагерлер де қарап қалмай, домбыра шертіп, ән салды. Емен-жарқын кездесу барысында ардагерлер оқушыларға шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және бильярдтан шеберлік сабағын өткізді. Аталған спорт түрлерінен кім мықтыны анықтау үшін өзара шеберлік байқасты. Кездесу соңында ардагерлер оқушыларға сабақтарын жақсы оқып, еліміздің бетке ұстар азаматтары мен азаматшалары болуларына тілектестіктерін білдірді.

Асқар Құсайынов,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале