3.02.2022, 9:30
Оқылды: 64

Ардагерлерді ардақтайық

«Ардагерлерді ардақтайық» акциясы Бәйтерек ауданына қарасты Краснов және Рубежин ауылдық округтерінде жалғасын тапты.

IMG-20220203-WA0004

Кәрі құтан қыс келіп ауа райы құбылмалы бола бастады. Бірде ашық болса, бірде көктайғақ, енді бірде борандата​ ұйытқитыны бар. Дей тұрғанмен, ауа райының қолайсыздығында аудан жастары жерлестерін жерде қалдырмақ емес.

IMG-20220203-WA0005

Оған күні кешегі Краснов және Рубежин округі жастарының игі ісі анық дәлел.

Аталмыш акция аясында Краснов ауылының жастары еңбек ардагері​ Валентина Помысухинаға,​ рубежиндік жастар ауылдағы жалғызбасты ауыл ақсақалдары мен кейуаналарына қол ұшын созды. Егде жастағы адамдардың ауласын басқан қардан тазалап, күнделікті жүріп тұруға ыңғайлап жол ашты.

IMG-20220203-WA0006

Жастардың игі ісіне ауыл үлкендері де разылығын білдіріп, ақ баталарын аямады.

Жақсылық жасаушылар акцияны әлі де жалғастырмақ. Себебі, жастар кішіпейілдіктің кішілік емес кісілік екенін анық түсінген.​

Назерке Сыйлыбай,

Бәйтерек ауданы 

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале