18.01.2022, 13:00
Оқылды: 43

Ардагерлерді құттықтады

Жуырда Жаңақала ауданының әкімі Дархан Закарин ардагерлердің үйлеріне арнайы барып, барыс жылымен құттықтады. Төлеуғали Мерғалиев, Қабдығали Текебаев, Рая Апахаева, Көшербай Сидеков, Базарғали Ғұмаров және Төлеген Мерғалиевтің шаңырағында болған аудан әкімі ардагерлерге ақ тілегін айтып, елге қылған қызметтеріне алғыс білдірді.

8DAAD03B-9485-4E20-BEA2-27149382C709

- Аудан үшін жан аямай қызмет қылдық. Істегенімізді міндет қылмаймыз. Болашақ - жастардың қолында. Аудан үшін әркез уайымдап әрі тілеулес боп отырамыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» дейді халық даналығы. Қарияларын іздеп, құттықтап жатқандарыңа ризамыз. Әркез абыройларың биік, дендерің сау, ғұмырларың ұзақ болсын! – деді ардагер Қабдығали Текебаев.

Ардагер ағаларымыз бен апаларымыздың немере-жиендері аяз атаға өнерлерін көрсетіп, ақшақардан тәтті толы сыйлық қорапшаны алды. Сондай-ақ аудан әкімдігінің атынан арадагерлерге сыйлық қобдишасы табысталды.

Ж.Болатбекұлы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале