30.12.2021, 10:00
Оқылды: 57

Ардагерлерді құттықтады

Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов қатары сиреп бара жатқан Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлерінде болып, Жаңа жылмен құттықтады.

IMG-20211230-WA0014

Алдымен Дариян ауылында тұратын Татьяна Макиевскаяның шаңырағына арнайы ат басын тіреген аудан басшысы ардагер ананы келе жатқан мерекемен құттықтап, деніне саулық, отбасына амандық тіледі.

Тоқсан тоғыз жасқа келген Татьяна Иванова әр мереке сайын елеп, арнайы келетін аудан басшысына ақ тілегін білдіріп, еліміз тыныш, ел басқарған азаматтар әділ болсын деген тілегін жеткізді.

Кездесу соңында аудан әкімі енді бірер аптадан соң жүз жасқа келетін кейуананың ел үшін, ұрпақ үшін атқарған еңбегі өлшеусіз екенін жас ұрпақ еш уақытта ұмытпайтынын айтты.

IMG-20211230-WA0027

Одан соң Рубежка ауылына тоқтаған Марат Лұқпанұлы қарт ардагер Александр Старцевтің үйіне тоқтады.

-Ел басына күн туған қиын шақта жас өмірін майдан даласында өткізген аға ұрпақтың ерлік ісі – көпке үлгі. Бүгінгі ашық аспанымыз бен тату өміріміз ел үшін толарсақтан саз кешкен аға-апаларымыздың арқасында келгенін біз ұмытпаймыз, – деді ардагерге ақ тілегін білдірген аудан әкімі Марат Тоқжанов.

Құрметке разы болған соғыс ардагері де аудан басшысына ақ батасын беріп, ел амандығын тіледі.

Түгелбай Кенжеғалиұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале