23.05.2023, 17:15
Оқылды: 17

Ардагерлерді төл басылымға жаздырды

Бүгін Казталов аудан әкімі Асланбек Сарқұлов облыс орталығына қоныс аударған бес ардагерді және ауданымызда тұратын бес ардагерді төл басылым «Ауыл айнасына» жаздырды.

FB_IMG_1684825806047

Елдің қамын ойлаған әкім туған жерден жырақта жүрген жандардың ауданымыздың үн парағы арқылы еліне деген сағынышын басуына, ауданымыздағы қарияларымыздың аудандағы ақпараттан уақтылы хабардар болуына үлкен мүмкіндік берді. Ұлт руханиятының ажырамас бөлігі іспеттес газет жанашырлары аз емес. Дегенмен, аудан басшысының бастамасы көпке үлгі болады деген сенімдеміз.

Біз газет арқылы елдегі жаңалықтарды, түйткілді мәселелерді оқырманға жеткізуде аянбай еңбек етеміз. Әйтсе де, ауданымыздың төл басылымын қолдауда оқырманның ықпалы зор. Газетке жазылып, ауданымыздың, ұлт руханиятының жандануына үлесіңізді қосыңыз!

Бекарыс Әбіш,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале