10.03.2024, 11:00
Оқылды: 21

Ардақ Назаров Шыңғырлауда

Шыңғырлау ауданына мемлекет қайраткері, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, ережесіз жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Ардақ Назаров және бауыры Бейбіт Құттықожаұлы келді.

WhatsApp Image 2024-03-09 at 17.52.25

Аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев ауданымызға келіп жатқан қонақтарды күтіп алды. Кейіннен қонақтар аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде аудан спортшыларымен жүздесіп, өз мақсаты мен жүрекжарды тілектерін жеткізді.

WhatsApp Image 2024-03-09 at 17.52.26

Осындай ауқымды шараның демеушісі - жерлесіміз, меценат, аудан игілігі үшін әр жерде демеушілік етіп, қолдап жүретін, “Qareket Engineering LLP” директоры Санат Құмарұлы Кумашев.

WhatsApp Image 2024-03-09 at 17.52.26 (1)

- Алланың қалауымен талай батырлардың, майталман би-шешен, жыраулардың өскен, өткен жері, Шыңғырлау өңіріне келіп қалдық. Осы қасиетті жерге келгеніме қуаныштымын. Менің Батыс өңіріне үшінші рет келуім. Осы кездесуді ұйымдастырған азаматтар аудан әкімі Мұрат Амангелдіұлына, Санат Құмарұлына алғысымды білдіремін. Шыңғырлау жерінен батырлар, ұлы ғұламалар шыға берсін,- деп тілек білдірді Ардақ Назаров.

Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале