15.02.2021, 17:20
Оқылды: 184

Әріптестер арасындағы тренинг

Қаратөбе ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде «Әріптестік қарым-қатынас тренингі» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.

41B26B79-AE86-4976-A79A-04FFF6728408

 Тренинг өткізудегі мақсат – ұжымды біріктіру, ұжым арасында жағымды қарым-қатынас туғызу, ұстаздардың өз-өзіне деген сенімділігін арттыру болатын.

Ұйымдастырылған шара барысында «Ұжымдық сурет», «Көршіңді тап», «Оның есесіне мен…» жаттығулары, сергіту ойындары мен релаксация өткізілді. Тренинг соңында педагогтар өз ойларымен бөлісіп, жақсы көңіл күймен, сергіп тарасты.

– Қарапайым тілмен айтқанда, бұл қызметтес адамдардың қарым-қатынастарын жақсартуға және ұжым жұмысының тиімділігін арттыруға көмектеседі, - деді орталықтың педагог-психолог маманы Дана Абдрахманова.

 Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале