5.05.2021, 17:07
Оқылды: 50

Әркімге лайықты өмір!

Халықтың мүгедектігі бар адамдар топтарына тірек-қимыл аппараты қызметі бұзылған, арбаға таңылған мүгедектер, көру қабілетінен толық айырылған және көзі нашар көретін немесе есту мүшесі бұзылған адамдар жатады.

15E6B8DA-1026-4467-BA1E-46C57422D672

Мүгедектер мен халықтың іс-қимылы шектеулі өзге де топтары да басқа адамдармен бірдей қоғамның күнделікті тіршілік-тынысына етене араласуға тең құқылы. Бұл адамдар да түрлі көрсетілетін қызметтерді алу үшін оларды көрсететін мекемелер мен ұйымдарға барады. Мысалы, емханаға, қітапханаға барып, спорттық шараларға қатысады. Әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілеріне еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету заңмен мекемелер мен ұйымдардың басшыларына жүктелген. Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанынан құрылған мониторингтік жұмыс тобы жуырда «Nur Otan» партиясының «Өзгеру жолы: Әркімге лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасының бірлескен іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында «Ақбөпе» бөбекжайы, Тасқала аудандық ауруханасы және Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп нысандарын тексерді. Мүгедектігі бар адамдарға арналған объектілердің 100% бейімделуіне қол жеткізу бойынша ұсыныстар бере отырып, нысандарды тексеріп көрді. Аудан орталығының әлеуметтік және көлік инфрақұрылым нысандарының мүгедектерге арналған талаптарға сәйкестігі мен жарамдылығына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік маңызы бар мекемелерге қойылатын талаптардың ішінде ақпараттық-анықтамалық қызметтерінің қарастырылуы, жекеленген бөлмелер мен қабырғадағы есік жақтауларының нормаларға сәйкес келуі, кіреберіс есіктеріндегі табалдырықтар биіктігінің белгіленген нормадан жоғары болмауы, есту мүшесінің қызметі бұзылған адамдарға көзге көрінетін мәтін, белгілер, таңбалар, жарық белгілері түрінде берілетін ақпараттық тасымалдағыштар, зағиптар мен нашар көретін тұлғалар үшін брайл қарпі бар ақпарат құралдары қарастырылуы тиіс.

Әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кiрiп-шығуды қамтамасыз етуге қатысты талаптар заңмен міндеттелген. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің «Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасын бұзу» 83-бабына сәйкес жеке, заңды және лауазымды тұлғаларға әкімшілік жаза қолданылады. Лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келетінін ескертіледі.

Б.Кентугаева,

Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале