БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген
7 Маусым 2023

БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады
7 Маусым 2023

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды
7 Маусым 2023

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді
7 Маусым 2023

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті
7 Маусым 2023

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады
7 Маусым 2023

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады

22.03.2023, 15:29
Оқылды: 46
Армысың, әз-Наурыз!

Бүгін теректіліктер әз-Наурызды дүркіретіп атап өтті. «Ұлыстың қадам басқан ұлы күні» атты мерекелік іс-шараға халық тайлы-тұяғы қалмай жиылды.

IMG-20230322-WA0033

Қыстан аман шығып, бір-бірімен көріскен жұртшылық орталық алаңға тігілген киіз үйлерге бас сұғып, наурыз көжеден дәм татып, арқа-жарқа болды.

Бүлдіршіндер Наурыздың басталғанын хабарлаған соң, ортаға Наурыз гүлі мен бір топ қыз-жігіттер шығып, композициялық би қойылымын орындады. Қойылымда ұлттық ойындарымызды шебер көрсеткен өнерпаздар жерлестерінің ыстық ықыласына бөленді. Одан кейін термешілер тереңнен толғап, Қыдыр ата бата беріп, Жер ана халқымыздың ғұрпы бойынша адыраспанмен аластау ырымын жасады. Осы сәтте шашу шашылып, халықтық «Шежіре» ансамблі «Тойбазар» әнін айтса, үлгілі «Жұлдыз» би ансамблі мың бұрала «Қара жорға» биін биледі.

IMG-20230322-WA0026

Мәдени-демалыс орталығы өнерпаздарының өнерін тамашалап, көтеріңкі көңіл-күймен отырған жұртшылықты Теректі ауданының әкімі Тілек Габдушев құттықтады. Содан соң көктемгі су тасқынында белсенділік танытқан ұжымдарды алғысхатпен марапаттады. Аудан басшысының алғысына бөленгендер қатарында Теректі ауылындағы №12 өрт сөндіру бөлімі, Ақжайықтағы №25 өрт сөндіру бекеті, Теректі аудандық мәдени-демалыс орталығы, Теректі ауылдық округі әкімі аппараты, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің ұжымы мен Нұрболат Бисекенов бар.

IMG-20230322-WA0015

IMG-20230322-WA0031 (1)

IMG-20230322-WA0028

IMG-20230322-WA0013

IMG-20230322-WA0034

IMG-20230322-WA0035

IMG-20230322-WA0036

Марапаттау рәсімінен кейін ат үстінде көк туды желбіреткен шеру ерекше мақтаныш сезімін оятты. Күміс көмей әншілер әсем әндерді әуелетіп, бишілер билеген мерекелік концерт соңы ұлттық ойындардан сайыспен жалғасын тапты.

 

Аягөз Айтқалиева, 

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале