8.03.2023, 23:32
Оқылды: 23

Ару қыздар жарысы

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Жалпақтал ауылындағы спорт кешенінде қыздар командалары арасында волейболдан мерекелік жарыс өтті.

WhatsApp Image 2023-03-08 at 21.27.45

WhatsApp Image 2023-03-08 at 21.27.47

WhatsApp Image 2023-03-08 at 21.27.48

WhatsApp Image 2023-03-08 at 21.27.48 (1)

Тартысты өткен жарыс қорытындысында жүлделі ІІІ орынды Кенжебек Меңдалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, ІІ орынды Жалпақтал ауруханасының №1 командасы иеленсе, жарыс жеңімпазы болып танылған Жалпақтал  ауруханасының №2 командасы жүлделі І оынды иемденіп, мереке алдында өз ұжымдарының көңілін көкке көтерді. Осы жарыста Алтынгүл Болатова «Үздік ойыншы», Гүлдана Махамбетова «Үздік қорғаушы», Гүлдана Наурызова «Үздік байланыстырушы» атанса, ІV орын алған «Ертегі» бөбекжайының командасы ата-аналары атынан демеуші болған Сұлтан Ғұмардың арнайы тіккен (10 000) ақшалай сыйлығына ие болды.
Жарысқа қатысып, жүлдегер атанған командалар мен үздік аталым иегерлері арнайы дипломдармен, медальдармен марапатталды.

Қыдыр Харесұлы

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале