23.11.2023, 23:00
Оқылды: 12

"Аруман" жылыжай кешенімен танысты

Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиев жұмыс сапарымен Шыңғырлау ауданына келді. Алдымен жол бойындағы Амангелді ауылында болып, жеке кәсіпкер Ілияс Хайрушиннің "Аруман" жылыжай кешенін аралады.

WhatsApp Image 2023-11-23 at 18.39.58

Кәсіпкер бизнесін 2018 жылы бастап, жақын орналасқан Шыңғырлау ауданының орталығы мен Ақсай қаласын көкөніспен қамтып отыр. Бүгінде екі жылыжайдан қияр өсіріп, жаздық жаңа жылыжай құрылысын бастап қойған.

Облыс басшысы кәсіпкер еңбегіне разылығын жеткізді. Жылыжайдың жай-күйіне қанығып, алынып жүрген өнім шамасын, өнімнің қазіргі бағасы туралы сұрастырды. Құрылысы басталған үшінші жылыжай орнымен де танысты. Кәсіпкерге сәттілік тілеп, Ащысай ауылына қарай аттанды.

Қаршыға Елемесов,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале