22.12.2022, 12:30
Оқылды: 31

Архив тарих көзімен

20 желтоқсан күні Казталов аудандық орталықтандырылған кітапханада 22 желтоқсан – Архившілер күні кәсіби мерекесіне орай «Архив тарих көзімен» атты дөңгелек үстел өтті. 

5

Дөңгелек үстелге Казталов ауданы әкімі аппаратының аппарат басшысы Жанболат Темірғалиев, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Берік Рахымғалиев, еңбек ардагерлері, Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивтер басқармасының Жалпақтал филиалының және Казталов аудандық мемлекеттік архивінің қызметкерлері қатысты.

Алғаш болып сөз кезегін алған Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивтер басқармасының Жалпақтал филиалының директоры Мержан Қарабалин шараға  қатысушы барша әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, бүгінгі дөңгелек үстелдің өткізудің негізгі мақсатына тоқталды.

6

Одан соң Казталов және Жалпақтал ауылдарында орналасқан архив мекемелерінің бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы дайындалған бейнекөрсетілім көпшілік назарына ұсынылды. Архив жұмысының жай-жапсары баяндалған бейнежазбадан соң еңбек ардагері Уәлиолла Әбішов сөз сөйлеп, архив саласының ел тарихын қалыптастырудағы ерекше маңызына тоқталды. Архив саласына әлі де жете көңіл бөлінбей келе жатырғанынын тілге тиек еткен еңбек ардагері, сала қызметкерлерінің көпшілікке көріне бермейтін қиын еңбегіне де тоқтала кетті. Дөңгелек үстелге қатысушылар архив ісі мамандығы қоғамның қай саласында қажетті екендігі жайында және жастардың, оқушылардың архивке деген қызығушылығын арттыру қажет деген ойларын ортаға салып өзара пікіралмасты.

7

Шара соңында аппарат басшысы Жанболат Темірғалиев архив саласында жемісті еңбек етіп келе жатқан Назгүл Ғалиқызына, Ләззат Есқаққызына, Әйгерім Жасқайратқызына және Динара Тұрарбекқызына аудан әкімнің Алғыс хатын табыстап, еңбектеріне табыс тіледі.

8

Жансая Жұмажанқызы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале