27.03.2024, 16:15
Оқылды: 35

Арықтар тазартылып, тереңдетілді

Көктемгі су тасқынын алдын алу бағытындағы іс-шаралар Бәйтерек ауданы Янайкин ауылдық округінде де жүргізіліп жатыр.

IMG-20240327-WA0127

 Оған ақпан айынан бастап қамданған ауыл әкімдігі қар ери бастаған бойда ауылдағы арықтарды тазартып, оларды 1,5 м дейін тереңдеткен. Янайкин ауылдағы су басу қауіпі бар деп танылған көшелерден қар шығарылды. Күні кеше Тәуелсіздік, Достық көшелеріндегі бірқатар үйдің ауласынан су сору генераторының көмегімен 5 куб еріген қардан пайда болған су шығарған.

Сонымен қатар су басу қауіпі бар автокөлік жолдары мен ауылдық округке қарасты Скворкин және Богатск елді мекендері қатаң бақылауға алынып, кезекшілік ұйымдастырылды. Қазіргі таңда округте су соруға арналған 2 механикалық құрал, 20 тонна инертті материал мен құм салынған 200 қапшық дайын тұр.

IMG-20240327-WA0128

- Қазір ауылдық округте жағдай бір қалыпты. Су басу қауіпі жоқ. Егер аяқастынан табиғат тосын мінез танытатын болса, елді мекендегі тұрғындар мен олардың малдарын эвуакуациялауға толықтай дайынбыз, - деді ауыл әкімі Сәуле Аққайырова.

Салтанат Зұлқарнаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале