16.11.2023, 17:45
Оқылды: 11

Ашық біріншілік мәреге жетті  

Тасқала аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен 2007-2008 және 2009-2010 жылдары туған жасөспірім ұлдар және қыздар арасында қол күресінен Тасқала ауданының ашық біріншілігі өтті.

Қол күресі (3)

Жарысқа Орал қаласы, Орал СК, ЖӨҚОБЖСМ, Жәнібек, Жаңақала, Қаратөбе, Сырым, Ақжайық, Бәйтерек, Тасқала аудандарының командалары қатысты.

Ашылу салтанатында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұхтар Таңатжан құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Келесі кезекте сөз алған жарыстың бас төрешісі Марал Төлешев ұйымдастырушылар тарапына алғысын білдіріп, спортшыларды әділ сайыс өткізуге шақырды.

Қол күресі (4)

Айтып өтсек, спорттың бұл түрі елімізде кейінгі жылдары аса танымал десе болады. Бүгінгі таңда осы спорт түріне тек ұлдар ғана емес, нәзік жандыларымыздың да көптеп келуі – қол күресін насихаттау жұмысының өз дәрежесінде жүргізіліп жатқанының бір көрінісі. Сонымен тартысты жарыс қорытындысында біздің жерлестер келесідей нәтижеге қол жеткізді. 2009-2010 жылы туған жасөспірім ұлдар арасында 45 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қос тасқалалық Алмаз Тарғын мен Сержан Сұңғат сәйкесінше ІІ және ІІІ орындарға жайғасты. 55 келі салмақ дәрежесінде Мейірбек Қадірбергенов ІІІ орынды қанжығасына байлады. 60 келі салмақта Елдос Қанатқали ІІІ орынға тұрақтаса, 65 келі салмақта Мансұр Ақдәулет ІІІ орын иеленді. Ал 2009-2010 жылы туған жасөспірім қыздар арасында +60 салмақта Аяжан Мұқамеджан ІІІ орынды місе тұтты. 2007-2008 жылы туған жасөспірім ұлдар арасында 50 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшылар ішінен Наржігіт Ізбасардың асығы алшысынан түсіп, жеңіс тұғырынан көрінсе, 70 келі салмақта Мансұр Чекаев ІІ орынға жайғасты. Сондайақ 70+ салмақта сынға түскен Темірлан Асылбеков ІІІ орынды қанжығасына байлады. 2007-2008 жылдары туған жасөспірім қыздар арасында 60 келі салмақ дәрежесінде Рената Мусанова ІІІ орынды еншіледі.

Қол күресі (2)

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған арнайы дипломдар мен медальдар табыс етілді.

 Болат Бек,

 Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале