7.07.2023, 2:10
Оқылды: 18

«Асқақтай бер, Астана!»

Бүгін «Тәуелсіздік» саябағында бас қаламыз Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған мерекелік кеш өтті. Сәулеті мен дәулеті келіскен әсем қала Астанамызға биыл 25 жыл. Осы уақытқа дейін елордамыз дамудың бірнеше сатысынан өтті.

IMG20230706205457

Бүгінде халықаралық аренада өзіндік келбеті бар, заманауи даму үрдісінен қалмай келе жатқан жас қала. Шара барысында «Астана - мақтанышым» тақырыбында балалар асфальтқа сурет салса, саябақтың оң жағында ләңгі тебу, қол күресі, гір тасын көтеруден спорттық көпшілік шаралар ұйымдастырылды. Мереке аясында «Асқақтай бер, Астана!» атты концерттік бағдарлама болды. «Астанаға тарту» мерекелік ойындары оздырылды. Сондай-ақ демалушылар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен «Жан жүрегім – Астана» атты кітап көрмесі мен мерекелік от шашуды тамашалады. Шара соңында аудан тұрғындары мен қонақтары 80-90 жылдардағы ретро әуендерге би билеп, көңіл көтерді. Көрермендер әсем ән тыңдап, бишілердің мың бұралған биін тамашалап жақсы көңіл күймен тарқасты.

IMG20230706220758

IMG20230706205645

IMG20230706213034

IMG20230706221104

IMG20230706213240

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале