22.02.2024, 14:45
Оқылды: 45

Асланбек Сарқұлов: «Олқылықты жөндеуге міндеттісіздер»

Казталов ауданы әкімі Асланбек Сарқұлов пен «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясының әлеуметтік жобалар бөлімінің құрылыс менеджері Ерлан Божкенов Саралжын ауылындағы 60 орындық мектептің құрылысымен танысты.  Мектептің құрылыс қарқыны баяу.  Аудан әкімі мердігердің жұмысын сынға алып, жұмыс қарқынын арттыруды тапсырды.

жп казталов саралжын мектеп (2)

- Мектептің құрылысы баяу жүргізіліп жатыр. Дегенмен құрылыс қарқынын арттырамыз деп сапаны назардан тыс қалдырмаңыздар.  Мәселен, мектептің қоршауы сапасыз.  Ауыстырыңыздар.  Біз тапсырыс берушімен  тығыз байланыстамыз.  Мектептің құрылысына қатысты халықтың уәжі болса, кемшіліктер анықталса тыңдауға, олқылықты жөндеуге міндеттісіздер,  - деді аудан әкімі.

жп казталов саралжын мектеп (3)

Аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы Саралжын елді мекенінің тұрғындарымен кездесіп, сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар Ерлан Божкенов, мердігер «Ақсайстройсервис и К» ЖШС, техникалық қадағалаушы «Мұнай жолдары» ЖШС өкілдері де халықтың сұрағына жауап беріп, құрылыстың барысы жөнінде мәлімет берді.

Казталов ауданы

әкімдігінің баспасөз қызметі

жп казталов саралжын мектеп (1) жп казталов саралжын мектеп (4)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале