21.10.2022, 17:30
Оқылды: 53

«Аспан астындағы музей қала»

Республика күні мерекесіне орай Қаратөбе аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен «Аспан астындағы музей қала» тақырыбындағы экскурсиялық бағдарлау жарысы өтті.

WhatsApp Image 2022-10-21 at 17.21.36

Жасөспірімдерді өлкеміздің тарихи-мәдени ескерткіштерімен таныстыру арқылы патриотизмге тәрбиелеу, танымдық қасиеттерін арттыру мақсатында өткен бағдарлау жарысына аудан мектептерінен 7 команда қатысты.

Үш кезеңнен тұрған жарыстың «Экскурсиялық бағдарлау жарысы» кезеңінде қатысушы командалар «тілсіз» карта арқылы аудан орталығында орналасқан тарихи-мәдени ескертікштерді тауып бағдарлады. Екінші кезең «Менің туған өлкем: кеше, бүгін, ертең» байқауында қатысушы өз өлкесі турасында презентация дайындап таныстырды. Үшінші кезең «Музей – экскурсиялық аймақ» экскурсоводтар байқауында музейлерге жалпы және тематикалық экскурсия ұсынды.

WhatsApp Image 2022-10-21 at 17.22.54

Аудан орталығындағы Алаш және Қ.Хасанов атындағы өлкетану музейінде қорытындыланған жарыста Жамбыл мектеп-балабақша кешенінің командасы жеңімпаз атанып, жарыстың облыстық кезеңіне жолдама алды.

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале