31.10.2023, 10:53
Оқылды: 21

Астық дақылдары толықтай жиналды

Тасқала ауданы – аграрлы аймақ. Аудан экономикасының негізін ауыл шаруашылығы саласы құрайды. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне басты назар аударып, мемлекетіміздің ішкі сұранысын толық көлемде өз өнімдерімізбен қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

егін......

Ауданда жем-шөп жеткілікті ме? Егін толық жиналды ма? Аудан көлемінде күзгі жиынтерім жұмысының қалай атқарылғанын білу мақсатымен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Хамит Омаровқа жолыққан едік.

– Ауданда жылдан-жылға егін алқаптары көлемінің артып келе жатқаны байқалады. Биыл аудандағы егіс көлемі – 48,6 мың гектар, бұл былтырмен салыстырғанда 6,302 гектарға артық. Жалпы көлемі 30 мың гектар дәнді дақылдар егілсе, соның ішінде жаздық бидай 16,55 мың гектарды құрап отыр. Ал күздік дақылдар егіс аумағы – 6,61 мың гектар (былтыр 2,33 мың гектар), оның ішіндегі күздік бидай – 6 мың гектар, қара бидай – 0,61 мың гектар. Бүгінгі күнде астық дақылдары толық жиналды. 6,61 мың гектарға егілген күздік дақылдардан жиналған өнім 8610 тоннаны құрады. Орташа өнімділігі гектарына 13 центнер. Ал 16,5 мың гектар жаздық бидайдан түскен өнім – 16 780 тонна, орташа түсім гектарына 10,1 центнер. Жалпы көлемі 6,62 мың гектар арпа орылды. Жиналған өнім – 6510 тонна. Орташа өнімділігі гектарына 9,8 центнер. Егілген 0,16 мың гектар дәндік құмайдан түскен өнім – 105 тонна, орташа өнімділігі гектарына 6,6 центнер және 0,60 мың гектар тарыдан түскен өнім – 37, орташа өнімділігі – 6,2 центнер. Биыл егілген майлы  дақылдардың егіс көлемі – 10,38 мың гектар. Атап өтсек, оның ішіндегі 5,26 гектар күнбағыс, 4,82 мың гектар мақсары (сафлор), 0,30 мың гектар зығыр дәні себілді. Бүгінгі күні жиналған күнбағыс мөлшері – 5,01 мың тонна, өнімділігі гектарына 9,5 центнер. Мақсарының орташа өнімділігі – 6,3 центнер, әр гектардан түскен өнім – 3065 тонна және зығырдан түскен өнім – 120 тонна, өнімділігі 4,0 центнерді құрайды. Қазіргі таңда отандық тыңайтқыш өндіруші зауттардан ауданның төрт шаруашылығы 472 тонна тыңайтқыш сатып алып, егістерге пайдаланды. 2024 жылы бұл жұмыс жалғасады. Келер жылы егіс көлемін 49 мың гектарға ұлғайту жоспарланып отыр. Аудан диқандары күздік далалық жұмысты ұйымдастыруды бастап кетті. 2024 жылға алты мың гектар күздік бидай мен күздік қара бидай егу жоспарланды. Бүгінгі күнде нақты егілгені 6,86 мың гектар, оның ішінде күздік бидай – 6,53 мың гектар, қара бидай – 0,33 мың гектар. Бұдан басқа 19 мың гектар күздік жер жырту жоспарланған болатын. Бүгінгі кезде нақты дайындалған жер көлемі – 17,3 мың гектар. Биыл ауданда 0,26 гектар алқапқа картоп және бақша дақылдары отырғызылған. Оның ішінде картоп – 0,11 мың гектар, көкөністер – 0,12 мың гектар, басқа дақылдар – 0,03 мың гектар. Түскен картоп өнімі – 1,76 мың тонна, көкөніс өнімдері – 1,90 мың тонна және бақша өнімдері – 0,59 мың тонна. 6-9 мамыр күндері 483 жанұя қатысып, 44 гектарға ұжымдық бақша екті. 16-17 қыркүйек күндері картоп өнімдерін жинау жұмысы ұйымдастырылды. Орташа өнімділігі гектарына 160 центнер, түскен өнім 704 тоннаны құрады. Ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығымен айналысатын аудан үшін қысқы мал азығын дайындау аса маңызды. Жалпы, төрт түлікті қыстатуға аудан бойынша 2023 жылға жоспарланған 121,1 тонна мал азығының бүгінгі күні 4,1 орташа түсіммен 137 мың тоннасы дайындалды. Орындалуы 107 пайызды құрап отыр. Осының ішінде біржылдық судан шөбі 1,98 мың гектарға егіліп, одан 3,7 мың тонна жоғары сапалы шөп дайындалды. Орташа түсімі әр гектардан 19,1 центнер. Сонымен қатар қосымша бір мың тонна пішендеме (сенаж) және 0,4 мың тонна сабан (солома) дайындалды. Бұл дайындалған шөп қоры қыс біткенше толықтай жетеді деп ойлаймыз, – дейді Хамит Сәрсенұлы.

Болатбек Сапарғалиев,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале