8.02.2024, 16:30
Оқылды: 36

Асыл малдан пайда көп

Бәйтерек ауданы Бейбітшілік ауылдық округіне былтыр 10 миллион теңгеге жуық салық жиналып, 620 миллион теңге инвестиция тартылған. Тартылған инвестицияның жартысы «Асан-Аул» ЖШС-мен байланысты.

IMG-20240208-WA0037

Ауылдық округ әкімі Манарбек Жандарбековтің айтуынша, Бейбітшілікте негізінен жол бойындағы сервистік қызмет көрсету жақсы дамыған. Мұнда сондай-ақ сауда үйлері, такси қызметі, сүтті қабылдау бағытында жұмыс жасайтын бизнес субъектілері бар. Солардың арқасында салық түсімі артып келеді. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша бір кәсіпкер 8,6 миллион теңгеге наубайханаға жабдықтарын, бір шаруашылық 154 бас қазақтың ақ бас сиырын сатып алған. Жалпы былтырғы жылмен салыстарғанда округта ірі қара малының саны 314 басқа өскен. Осы тұста аудан әкімі Марат Тоқжанов мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындарға асыл тұқымды мал ұстаған әлде қайда тиімді екенін айтты.

IMG-20240208-WA0038

- Ауданда жайылымдық жер аз. Жеріміздің көбі - егістік алқабы. Сондықтан көп өнім аламын деп мал басын көбейткеннен көрі, асыл мал алған жөн. Сонда жұмыс азаяды. Малды баптау, азығын табу да жеңілірек бола түседі. Ең бастысы тиімді, яғни екі-үш тауарлы малдан алған өнімді бір асыл малдың өзі береді, - деді Марат Лұқпанұлы.

IMG-20240208-WA0036

Кездесуде тұрғындар ауылішілік жолдың жөнделуін сұрады. Аудан басшысы бірінші кезекте шекаралық жолдарға көңіл бөлінетінін, ауылішілік жол содан кейін жөнделетінін айтты.

Нұрсәуле Әбілпейсова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале