24.04.2026, 9:15
Оқылды: 10

"Ата-бабадан өсиет қалмаса, жастарда қасиет болмайды"

Дәл осындай атауымен Бөкей ордасы ауданы, М.Мәметова атындағы орта мектебінде тәрбиелік шара өтті. Шараны ұйымдастырған аудандық ардагерлер қоғамдық бірлестігі.   Кездесуге аудандық ардагерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков, білім саласы ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрайымы Найла Нарбулова, ардагерлер кеңесі мен әжелер алқасының мүшелері қатысты.

217e5ccd-619c-43cd-9ef1-67899c030c1e

Тағылымды шарада аға буын өкілдері ұлттық құндылықтар, қазақы ырым-тыйымдар туралы айтып, өздерінің өмірлік тәжірибесінен, оқыған кітаптарынан мысал келтіріп, өткеннен қалған өнегенің үлкен мектеп екенін жеткізе білді.

68e0c7ba-3705-4028-a505-8e3d178291dd

Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар беріліп, өзара пікір алмасу алаңы қалыптасты.

Кездесу соңында қатысушылар ардагерлерге алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсті.

 

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале