29.08.2023, 19:11
Оқылды: 41

Ата Заңын қастерлеген халықпыз

Бүгін аудандық мәдени-демалыс орталығында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата Заң – елдігіміздің еңсесі» атты мерекелік концерт өтті.

image-29-08-23-06-24-5

Алдымен аталмыш мерекеге орай Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы салтанатты түрде кіргізіліп, мемлекеттік әнұран орындалды.

image-29-08-23-06-24-1

Әрі қарай келген қонақтарды мерекемен құттықтау үшін аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев сахна төріне шығып, әділетті Қазақстанда әрбір қазақ азаматының өмір сүру деңгейі мен болашағы жақсара түспек деп өз жылы лебізін білдірді.

image-29-08-23-06-24-6

Содан соң Жаңақала ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы Әсел Кенжеғалиеваны, аудан прокуроры Ғалымбек Мұхитовты, ауданның Қорғаныс істер жөніндегі бөлімі, жасақтау бөлімшесінің бастығы, 3 сынып сержанты Жоламан Абдрахмановты, адвокат Аслан Еслямғалиевті, аудандық соттың бас маман-хатшысы Асхат Темірболатұлын, АПб аға мемлекеттік инспекторы Кенесары Жүзжасаровты, АПб ЖПҚб кәмілетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы Русланбек Джулаевты, Уақытша ұстау изоляторы қаптал күзетшісі Әділет Хасанов және ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Қайрат Мағзумовты аудан әкімінің құттықтауымен марапаттау рәсімі өтті.

image-29-08-23-06-24-4

Аталмыш шара аудан өнерпаздарының әсем әндері мен мың бұралған бишілердің биімен көркемделді. Сонымен қатар құлақтан кіріп, жаныңа тыныштық сыйлайтын домбыра үнінің әсері де ерекше болды.

image-29-08-23-06-24-6

«Атамекен» әнімен мерекелік шара тәмамдалып, келген көрермендер дән риза болып тарқасты.

image-29-08-23-06-24-2

Конституцияны қастерлеу – өз елімізді, тарихымызды және жетістіктерімізді құрметтегеніміз сияқты ардақтау. Конституция – біздің бостандығымыздың берік іргетасы.

Еліміздің барша тұрғындарын Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесімен құттықтаймыз.

image-29-08-23-06-24-3

Тәуелсіз Қазақстанымыз дами берсін. Көк байрағымыз көкте желбірей берсін.

image-29-08-23-06-24


Жанна Миха,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале