9.07.2026, 20:00
Оқылды: 3

Атамекен мен Белес ауылдарына жаңа әкімдер тағайындалды

Бәйтерек ауданының Атамекен және Белес ауылдық округтерінде өткен әкімдер сайлауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

image-09-07-26-06-13-7

Саяси дода нәтижесінде Атамекен ауылдық округінің әкімі болып Медет Қайырлиев, ал Белес ауылдық округінің әкімі болып Бақытгүл Жүнісова тағайындалды. Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев қос ауылдың актив мүшелерімен кездесіп, жаңа басшыларды таныстырды және алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

image-09-07-26-06-13-9 image-09-07-26-06-13-1

Атамекен ауылдық округі бойынша сайлаушылардың 68,31 пайыз дауысын иеленген Медет Қайырлиевке аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Радик Ихласов ресми қызметтік куәлігін табыс етті. Аудан әкімінің 2026 жылғы 8 шілдедегі өкімімен тағайындалған жаңа әкім осыған дейін аграрлы және коммуналдық шаруашылық салаларында ұзақ жыл еңбек еткен. Өз кезегінде сөз алған М. Қайырлиев тұрғындарға алғыс айтып, бар білімі мен біліктілігін ауылдың өркендеуіне жұмсайтынын жеткізді.

image-09-07-26-06-13-4 image-09-07-26-06-13-8

Белес ауылының тұрғындары болса, соңғы төрт жылда ауылды табысты басқарып келген Бақытгүл Жүнісоваға қайта сенім білдіріп, оған сайлаушылардың 83,73 пайызы қолдап дауыс берген. Жиырма жылға жуық уақыт бойы осы округтің әкім аппаратында еңбек еткен Бақытгүл Батырбекқызының қажырлы жұмысының арқасында былтыр ауыл мектебіне күрделі жөндеу жүргізілген. Қайта сайланған әкім Белес ауылы үшін ендігі кезекте ішкі жолдар мен медпунктті жөндеу мәселесі өзекті екенін айтып, аудан басшылығынан қолдау сұрады.

image-09-07-26-06-13

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале