22.11.2018, 18:29
Оқылды: 235

Атқа міну дәстүрін жаңғырту – ұлттық болмысымызды аша түспек

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты  мақаласы өзі атап өткендей, өткен жылы  жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көтерілген ұлттық болмысымызды сақтап, «Мәңгілік ел»  идеасын жүзеге асыру аясын кеңейтіп отыр.

 Пикир Нурлан Ат

Мақалада Ұлт көшбасшысы «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанды қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды» деген болатын. Міне, сол ұлттық кодымызды сақтап қалу үшін рухани ғана емес, сонымен қатар тарихи жаңаруымызды ұсынып отыр. Осы бағытта  қосымша бірқатар тың жобаларды жүзеге асыруды жүктеді. Мән мағынасы терең мақалада біздің тарихымыздың ажырамас бөлігі болып табылатын атқа міну мәдениеті жөнінде атап өтілгені көңілге қонарлық жайт. Ата-баларымыз ат үстінде жүріп ұлан ғайыр жерімізді жаудан қорғап қана қоймай, күнкөріс көзіне де айналдырып, оны көлік те, тамақ та, сусын да қыла білген. Қазақ балаларын жастайынан атқа (тайға) мінгізіп үйреткен. Тайға мініп жарысу, атпен аң аулау, ат үстінде жүріп ұлттық ойынның түрлерін меңгеру баланы ептілікке, қарулы болуға, жинақылыққа бағыттайды.

Сондықтан, біз атадан қалған бұл мұраны сақтап қалу үшін, оны тек біліп қана қоймай, жаңғыртып, қолданысқа енгізуіміз керек. Ол үшін балаларымызды атқа міну  мәдениетіне тәрбиелейтін арнайы орындар ашуды жаңаша ойлайтын кәсіпкерлеріміз қолға алса деген тілек бар. Елбасы мақаласындағы көтерілген «Ұлы дала» қазыналарын түгендеуге, салауаты ұрпақ тәрбиелеуге қосқан сүбелі үлесі болар еді.

Нұрлан ОРАЗОВ,

«Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық

филиалы төрағасының бірінші орынбасары

 zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале