28.10.2022, 12:45
Оқылды: 27

Атқарылған жұмыстар баяндалды

Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиевтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті.

7

Отырыста үш мәселе қаралды. Алдымен аудандық аурухана директорының орынбасары Лаура Бекмәмбетова жастар, халықтың осал топтары және ауылдық жерлердің тұрғындары арасында жасанды түсік тастау, қаламаған жүктілік және жыныстық инфекциялар турасында айтып өтті. Әрмен қарай аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Айбек Ғазезов әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мен жолын кесу бағытында жергілікті полиция бөлімінің жұмысы хақында баяндады.

8

Аудандық Аналар кеңесінің хатшысы Гүлзина Ғұсманова кеңестің атқарған жұмыстары туралы айтып өтті.

Жиын барысында баяндамашыларға сұрақтар қойылып, тиісінше жауаптар алынды. Сондай-ақ ұсыныс-пікірлер де айтылды.
Асхат Хамитұлы күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралып болғандығын айтып, жиынды қорытындылады.

Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале