22.10.2022, 17:30
Оқылды: 32

Аудан әкімі алғысхаттар табыс етті

Бүгін Қазақстан Республикасы күні қарсаңында Шыңғырлау ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанова жыл бойы су тасқынына және өрт сөндіру шараларына белсенді қатысқан азаматтарды қабылдап, Батыс Қазақстан облысы әкімі, облыстық төтенше жағдайлар департаменті және аудан әкімі атынан алғысхаттар табыс етті.  

16

Себебі ел басына қиын күн туғанда кей азаматтардың бейжай қарамай, күш-жігері мен бар ынтасын табиғаттың тосын мінезіне тойтарыс беруге жұмсауы – көпшілікке үлгі болуы тиіс.

17

Аудан басшысы Әлия Биғазықызы: «Өздеріңізге белгілі, 19 қазан - Қазақстан Республикасының құтқарушылар күні. Осы орайда, жыл бойына өңірімізде орын алған төтенше жағдайларда атсалысқан шаруа қожалық өкілдеріне және өрт сөндіру бекеті мен мекеме қызметкерлеріне шынайы алғысымды білдіремін», - деді.

Марапатталушылар да өз алғыстарын білдіріп, кейін естелік суретке түсті.

Аман Сағи,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале