20.11.2022, 8:18
Оқылды: 36

Аудан әкімі өз таңдауын жасады

Казталов ауданының әкімі Рүстем Зұлқашев және аудан әкімінің орынбасарлары Қадер Нұрғалиев, Зәйлім Исатайқызы №219 сайлау учаскесінде өз таңдауларын жасады.

20221120022554_IMG_9568

Сайлау ережелеріне сай сайлау бюллетенін алып, өздері қалаған кандидаттарына дауыс берді. Заңға сәйкес дауыс берген ауданымыздың лауазымды тұлғалары сайлауға қатысу барша қазақстандықтың міндеті екенін атап өтті.

20221120022514_IMG_9566
- Еліміз үлкен саяси өзгерістердің нақ алдында тұр. Ел азаматтары бүгін азаматтық ұстанымын сақтай отырып, міндетін орындап, өз таңдауын жасау арқылы еліміздің даму жолын айқындайды. Бүгін біз халқымыздың бірлігі жолында, еліміздің жарқын болашағы үшін өз таңдауымызды жасап жатырмыз, - деді аудан әкімі.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале