3.11.2021, 17:50
Оқылды: 81

Аудан әкімі спортшыларды қабылдады

Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлыбек Даумов облыс әкімінің кубогіне арналған додаға қатысып, ауыр атлетикадан жүлделі орын алған бөкейліктерді қабылдап, жоғары жетістіктерімен құттықтады.

index

Қазіргі таңда бұқаралық спорттың дамуына мейлінше көңіл бөлініп жатқанын алға тартқан аудан басшысы қолда бар құралмен пауэрлифтинг сынды спорт түрінен чемпиондарды тәрбиелеп жүрген бапкерлер ханордалық Рахим Қожағалиев пен Жасұлан Сабировке ризашылығын білдірді. Сонымен қатар Хан ордасы мен Жиекқұм ауылдарына спорттық құрал-жабдықтарды алып беру бағытында жұмыстанатынын айтты. Бапкерлерге алғысхаттарын табыстап, аудан намысын қорғап, атын шығарып жүрген жас спортшылар Азатжан Зинетов, Зият Бисенғали, Айлана Жігерова, Әлинұр Фангерей, Оралбек Зайнуллин, Перизат Хайролла, Бейбарыс Оразбайұлы, Ғиният Нұрмұхамбетке сый-сыяпат тарту етті.

33

Білек күшімен белестерді бағындырған балғын спортшыларды құттықтағандардың арасында аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиева, қоғамдық кеңес төрағасы Тілеген Арыстанбеков болды. Олар ағалық кеңестерін беріп, жасөспірімдердің жігерін көтеріп, ел тұтқасын ұстайтын жастар екендігіне ерекше екпін қойды. Ал аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаңа басшысы Армат Меңдешев Бөкей ауданының ауыр атлетикадан облыста алда екенін мәлімдеп, оған бүгінгі таңда додаға жолданған 11 спортшының жетеуі жүлдемен оралғанын дәлел етті. Алайда кенжелеп қалған спорт түрлерінің барын жасырмаған басшы олардың дамуына қызмет ететініне сендірді.

5

Ауданда пауэрлифтингтен шәкірттерді алғашқы болып әзірлеген Рахим Қожағалиев көрсетілген құрмет үшін алғысын жеткізіп, киелі Орда топырағында облыстық жарысты өткізуге ұсыныс тастады.

Раушан Аппақова

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале