30.11.2023, 18:52
Оқылды: 17

Аудан әкімі тасқалалық спортшыларды қабылдады

Бүгін Тасқала ауданының әкімі Талғат Шакиров спорт саласында өз жетістіктерімен елге танылып үлгерген жерлестеріміз, футболдан Ұлттық құраманың ойыншысы Еркін Тапалов пен пара дзюдошы, жуырда Ханчжоуда өткен IV жазғы пара Азия ойындарының қола жүлдегері Талғат Ажғалиевты қабылдады.

IMG-20231130-WA0276

Кездесу барысында Тасқала ауданының мақтанышына айналған жерлестерімізді жеңістерімен құттықтап, спорттың маңыздылығына тоқталды. Ауданда спортқа икемі бар оқушыларды тәрбиелей отырып, олардың спорт мектебіне орналасуына жағдай жасау керектігін баса айтты.

IMG-20231130-WA0273

Жиын барысында Талғат Асқарұлы жас футболшыларды дайындауда ерекше көзге түскен Еркін Тапалаовтың жаттықтырушысы марқұм Мағзом Искалиев пен Талғат Ажғалиевтың алғашқы жаттықтырушысы Бектас Бақтыгереевтің есімдерін атап өтті. Жалпы спорт денсаулық кепілі демекші жастарды спортқа тарту керектігін тілге тиек етті.

IMG-20231130-WA0274

Кездесуден соң аудан әкімі Талғат Шакиров қос спортшыға Тасқала ауданы жұртшылығы атынан ат мінгізді.

Назгүл Серікқызы,

Тасқала ауданы 

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале