16.06.2022, 18:15
Оқылды: 68

Аудан әкімі түлектерді қабылдады

Шыңғырлау ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанова жуырда өткен ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысына сәйкес «Алтын белгі» иегерлері атанған 5 оқушымен және республикалық олимпиадалардың 4 жеңімпазымен кездесті.

2E2DAF5A-55B9-4FE8-9ABA-4FB953051969

Аудан басшысы өз сөзінде «Алтын белгі» иегерлері білім алған мектептерін арнайы атап, үздік оқушылар мен олардың ұстаздарын үлкен жетістігімен құттықтады. Оқушыларды білім нәрімен сусындатып, оқу үрдісін нәтижелі ұйымдастыра білген ұстаздарға, балаларға тіреу болып, қолдау білдірген ата-аналар қауымына зор алғысын білдірді. Биылғы оқу жылын қорытындылап, алдағы үлкен өмірге аттанатын түлектерге сәттілік тілеп, алғысхаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етті.

Кездесуге қатысқан мектеп түлектері де өз аттарынан ұстаздарына, аудандық білім беру бөліміне, ата-аналарына шынайы алғыстарын жеткізді.

 Жансая Аманжолқызы,

Шыңғырлау ауданы

 zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале