27.12.2022, 22:14
Оқылды: 101

Аудан әкімінің шырша мерекесі өтті

Щапов ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектепте аудан әкімінің шыршасы өтті. Оған Бәйтерек ауданының барлық дерлік мектебінен 80 оқушы келді.

IMG-20221227-WA0091

Аудандық білім бөлімі ұйымдастырған осынау жаңажылдық кешке көпбалалы, аз қамтылған отбасынан шыққан, қамқорлықсыз қалған, жыл ішінде түрлі жетістікке жеткен оқушылар қатысты.

IMG-20221227-WA0089

Іс-шарада сөз алған аудан әкімі Марат Тоқжанов оқушыларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Бұл мейрам қызықты сәттердің, ертегілер мен сыйлықтардың кезі екеніне тоқталып, өтіп бара жатқан жылда олар сабақты жақсы оқып, түрлі жетістіктерге жетіп, қайырымды істер жасап, жаңажылдық мерекеге өзіндік еңбек сіңіріп келгене сенімді екенін білдірді. Жаңа жылда жаңа табыстарға қол жеткізіп, жаңа білімді игеруге тілектес екенін айтты. «Біздің еліміз жылдан-жылға қарыштап дамып, сендерге жарын болашақ сыйлау үшін жаңа белетерді бағындырып келеді. Сендер - бақытты ұрпақсыңдар,- деді Марат Лұқпанұлы.

IMG-20221227-WA0092

- Айналайын балалар! Жаңа жылда бәріңе мол игілік пен жарқын болашақ тілеймін. Балалық шақтарың базарлы, өмірлерің ажарлы болсын. Жаңа жылда армандарың орындалып, тәуелсіз елімізбен бірге өсіп-өркендей беріңдер!»

Жаңа жыл мекесінде аудан әкімінің атынан жиналған оқушыларға қысқы киімдер (малақай, жылы күртке), тәттілер тарту етілді.

IMG-20221227-WA0093

– Аудан әкімінің шыршасы жыл сайын ұйымдастырылады. Пандемияға байланысты соңғы екі жыл бойы болмай қалып, оқушыларға қиындау соққан рас. Биыл жағдай дұрысталған соң оқушыларымыз қайтадан жаңажылдық шыршаға басқосты. Жаңажылдық киімдер киіп, шаршаны айналып, Аяз атаға тақпақтарын айтып, өнерлерін көрсетіп қуанып қалып жатыр. «Қуанса бала қуансын» деген осындай жайтқа қарап айтылса керек. Оның үстіне биыл мына Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп су жаңа ғимаратқа қоныстанды. Мектептерде көбіне жаңажылдық мерекелер спорт залда ұйымдастырылатыны белгілі. Ал көптеген спорт залда, тіпті кейбір мәдениет үйлерінің өзінде микрофонмен сөйлегенде дауыс жаңғырып, жөнді естілмей жатады. Мұндай ондай жоқ. Бәрі ап-анық естіледі. Шағын ауылдардағы ескі мектепте оқып жатқандар осындай жаңа мектепті, заманауи спорт залды, өзге де жаңашылдықтарды көріп-білсін деген бағытта аудан әкімінің шыршасын осында арнайы ұйымдастырдық,- деді аудандық білім бөлімінің басшысы Серік Сафиуллин.

Аудандағы ең шалғай ауылдың бірі Чинаревтан бастауыш сыныптың екі оқушысы келіпті. Үнді қызы болып киініп, Аяз атаға тақпағын оқыған 2-сынып оқушысы Милана Ерболат әкім шыршасы өзіне қатты ұнағанын айтты.

Қ.Аманжолов мектебінің 7-сынып оқушысы Айнат Махмут спорттағы жетістігі үшін осы шыршаға келген екен. Биыл жазда оқушылар арасында өткен футбол жарысында мектебінің намысын абыроймен қорғай білген. «Маған бүгінгі кеште шырша, кейіпкерлер, жалпы бұл жердегі атмосфера бәрі-бәрі ұнады. Біздерге арнап осындай шырша ұйымдастырған аға-апаларымыздың бәріне рахметімді айтамын» - деді ол.

IMG-20221227-WA0090

Айта кетейік, бұған дейін аудан орталығында көпбалалы отбасылардың балаларына арналған «Аяз атаның сыйлығы» және ауыл балалар үшін «Жаңажылдық хикая» атты ертеңгіліктер өтті.

Қуаныш Қали,

Бәйтерек ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале