5.04.2022, 17:15
Оқылды: 57

Аудан басшысы Ордаға сапарлады

Жуырда Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлыбек Даумов Хан ордасы ауылында іссапармен болып, санитарлық айлық аясындағы сенбіліктерге дайындығымен танысып, жергілікті қатты қалдық қоқыстарды төгетін орынды аралады.

277793364_501191788267227_2213625233125407388_n

Ауылдық округ әкімі Медет Сисеновке полигонды қоршау, аумағында тазалау жұмыстарын жүргізуді және тұрғындар арасында қоқыс төгу ережесіне қатысты түсіндіру жұмыстарын ыждағаттауды тапсырды. Сондай ақ аудан басшысы ауылдық округ орталығында орналасқан "Жастар" саябағының жағдайына қанық болып, биылғы жылы салуға жоспарланған жаңа футбол алаңының орнын көріп, аталмыш нысандарға қатысты жұмыстарды жандандыруды қолға алуға үндеді.

Сонымен бірге аудандық спорт мектебінің директоры Армат Мендешовпен жергілікті спорттық кешенде болып, пауэрлифтинг және жаңадан ашылып жатқан бокс үйірмелерінің жұмыстарымен танысып, бапкерлермен үйірмелерді ұйымдастыруға қатысты мәселелерді талқылады.

Өз тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале