26.12.2019, 20:38
Оқылды: 74

Аудан шыршасына үздіктер жиналды

Бүгін Ақжайық ауданы орталығындағы Мұхтар Әуезов атындағы мектепте балаларға арналған аудан әкімінің шыршасы өтті. Жаңа жылдық кешке ауданның қырық бес мектебінен әртүрлі білім сайыстары мен оқуда үздік атанып жүрген жүз оқушы қатысты.

Aqjaiyq (1)

Алдымен аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.

 -Құрметті оқушылар, жыл сайын аудан мектептерінің үздік деп танылған оқушыларымен осындай керемет кеште бас қосамыз. Мұның барлығы елдегі тыныштық пен татулықтың арқасы. Біздің мемлекетімізде әрбір бүлдіршін тегін орта білім алып, өз қабілетін дамытуға толық жағдай жасалған. Оқушыларымыз жаңа, жарық ғимараттарда оқып, білім алып жатыр. Күні ертең сіздер де  елдің дамуына аянбай еңбек ететін қайраткер болып қалыптасады деген сенімдемін, - деді аудан әкімі.

Aqjaiyq (2)

 Әрі аудан басшысы жаңа жылдық тарту ретінде шараға қатысқан барлық оқушыға планшет сыйлады.

Аудан көркемөнерпаздары мен оқушылары кеш қонақтарына түрлі ертегілерден көріністер көрсетіп, ән мен жырдан шашу шашты. Өз кезегінде бүлдіршіндерге Аяз ата мен Ақшақар да түрлі тәттілер таратты. Соңында балақайлар өздеріне арнап жайылған дастархан басына жиналды.

Рауан Сатыбалдиев

cуретті түсірген Нұрбек Ихсан

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале