Аналар клубы ардагерлерге құрмет көрсетті
23 Қазан 2021

Аналар клубы ардагерлерге құрмет көрсетті

Ақшаттық өнерпаздардың «Тәуелсіздікке тарту» атты концерті  өтті
23 Қазан 2021

Ақшаттық өнерпаздардың «Тәуелсіздікке тарту» атты концерті  өтті

Жәнібектегі жәрмеңке
23 Қазан 2021

Жәнібектегі жәрмеңке

Зенит зауытының 80 жылдығы аталып өтті
23 Қазан 2021

Зенит зауытының 80 жылдығы аталып өтті

ЖОО студенттерінің арасында дебат интеллектуалдық сайысы өтті
22 Қазан 2021

ЖОО студенттерінің арасында дебат интеллектуалдық сайысы өтті

Темірлан арнайы жүлде иегері атанды
22 Қазан 2021

Темірлан арнайы жүлде иегері атанды

15.03.2021, 10:37
Оқылды: 179
Аудан тарихына атын жазды

Таяуда жақсы жаңалық естіп, аудан мерейін асырған, елімізге танымал білікті бапкер Қайрат Шаутеновтің қол жеткізген жетістігіне дән риза болдық.

 11111

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің 2021 жылғы 9 наурызда шыққан №73 бұйрығына сәйкес білікті бапкер, жерлесіміз Қайрат Маратұлына «Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санаттағы жаттықтырушы» атағы берілді. Бұл жетістік аудан тарихында тұңғыш рет орын алып отыр.

- Нұр-Сұлтан қаласынан ақжолтай хабарды естіп, төбем көкке жеткендей қуандым. Аллаға шүкір, 10 жылға жуық, жаттықтырушылық еңбегім зая кетпей, еңбегімнің бағаланғанына өте қуаныштымын. 10 жылдың ішінде 16 шәкірттім ҚР спорт шеберлігіне үміткер атанса, 100-ден астам шәкірттім І дәрежедегі спортшы атанды. ҚР жасөспірімдер арасындағы жекелей чемпионатында 8 шәкірттім жеңімпаз атанса, 5 шәкірттім жүлдегерлер қатарынан көрінді. Тоғызқұмалақтан 2014-2020 жылдары облыс бойынша ауданымыз "Үздік аудан" атанды. Бұл менің ғана емес, барша жерлестерімнің, қолдаушыларымның арқасы деп білемін. Ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақтың дамуына ерекше қолдау көрсетіп келе жатқан аудан әкімдігіне, спорт басшыларына, шәкірттерімнің ата-аналарына алғысым шексіз. Әрқашан ағалық қамқорлығын аямай, үнемі ақыл-кеңесін айтатын, жаңашыр ағайым Дәулет Ұзаққалиұлына да ерекше алғыс айтамын, - дейді Қайрат Шаутенов.

 

Жанайдар Болатбекұлы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале