9.02.2024, 17:53
Оқылды: 15

Аудан жастарымен кездесті

Бүгін Жаңақа ауданындағы рухани орталықта аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаевтың қатысуымен «Болашақ жастардың қолында» атты аудан жастарымен ашық форматта кездесу өтті.

9cbba585-43f1-4a4e-b25a-3843a3b91fd3

Жиында алдымен Жастар ресурстық орталығының басшысы Дәурен Құбайдоллаұлы өзінің биыл атқарған жұмысы жөнінде баяндама жасады. Әрі қарай жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды Мансап орталығының маманы Гаухар Есқалиева түсіндірді. Жастарға арналған дипломмен ауылға бағдарламасы аясында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ақылбек Семенов баяндама жасады. Жастар арасында еркін форматта жүргізілгендіктен сұрақтар, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Аудан, ауыл жстарымен жиі кездесу, жастардың уақытын тиімді пайдалану бағытында шаралар ұйымдастыру, жайдарман ойындарын әрі қарай дамыту сынды ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

70ca8959-668a-453e-ae77-ecb89e7a1017

Аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлы кез келген уақытта ұсыныстарды қарап, жеке кәсіппен айналысқысы келетін жастарға арналған бағдарламалар аясында қолдау көрсететінін жеткізді.

Аруғаным Қазиева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале