15.12.2023, 17:37
Оқылды: 26

Аудандық аурухана жаңа құрылғылармен толықты

Казталов ауданындағы денсаулық сақтау саласы жыл сайын жақсарып келеді. Бұған дәлел, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аудандық аурухананың замануи құрылғылармен жабдықталуы.

image-15-12-23-04-19-1

Аудандық аурухананың директоры Руслан Ахметжановтың айтуынша, аурухана жаңа медициналық құрылғыларымен толығуда.

- Ауруханаға жаңадан видеоэндоскопиялық кешен, жаңа туған нәрестелерге арналған инкубатор, ашық реанимациялық үстел, билирубинді анықтауға арналған билитест, жоғарғы аяқ-қолдарды пассивті қалпына келтіруге арналған аппарат, жылжымалы көпфункционалды төсек, анестезия аппараты, видеоларингоскоп, Bobathand Voita әдісі жаттығуларға қолданылатын емдік үстел, электрокардиограф аппараты, неоналды кардиологиялық монитор құрылғылары келді.

Бейнеэндоскопиялық кешен – дәрігердің нақты мақсаттары мен міндеттеріне байланысты операциялар кезіндегі күрделі жоғары технологиялық бейнелеу жүргізеді. Ол диагностикалық жабдықты, сондай-ақ қажетті тәртіпте орналасқан және әрқашан бір уақытта пайдалануға болатын медициналық құралдар мен құрылғыларды қамтиды. Бұл дегеніміз жұмысты едәуір жеңілдетеді және процедураны тез әрі ыңғайлы етеді. Ең бастысы дәрігерлердің жұмысын жақсартып, үлкен қолдау болмақ, - деді Руслан Ахметжанов.

Гүлнұр Сәуірғалиқызы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале