24.11.2022, 17:14
Оқылды: 27

Аудандық көкпар лигасы басталды

Бүгін Жәнібек ауданы орталығындағы «Жайлау» ат спорты кешенінде аудандық көкпар лигасының ашылу салтанаты өтті.

IMG-20221124-WA0181
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев қатысып, ұлттық спортты дәріптеп жүрген жас шабандоздарға сәттілік тіледі.
-Көкпарға білекті де жүректі жігіттер қатысады. Бүгінгі ойында бап пен бақ қатар шауып, биіктен көрініңдер. Тақымдарың тастай болсын палуандар, - деді.

IMG-20221124-WA0182
Жүлделі додаға «Құт», «Береке», «Нарын ата», «Ұзынкөл», «Күйгенкөл», «Ақоба», «Жамағат» командалары қатысуда.
Аталмыш лигаға командалар отыз мың теңгеден жарна төлеп қатысуда. Көкпарға әр командадан 3 шабандоз шығады. Ойын төрт жұмаға созылады.

Б. Серіков
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале