9.02.2023, 17:00
Оқылды: 19

Аудандық маңыздағы жолдар хақында

Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімі Азамат Сафималиевтің төрағалығымен аудан аумағында құрылысы жүріп жатқан аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен жаяу жүргіншілер жолына қатысты жиын өтті.

IMG-20230209-WA0124 Жиынға мердігерлер, техникалық қадағалаушы мекемелердің өкілдері қатысты. Басқосуда аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Жаналиев слайдтың көмегімен баяндама жасады. Жәнібек-Талов-Кіші өзен бағытындағы 27-33 шақырым жолдың орташа жөндеу құрылысы 2022-2023 жылы, яғни екі кезеңге қарастырылған.

Мердігері – «ТОБИ» ЖШС болса, техникалық қадағалаушы мекеме – «Нұрәлем-Құрылыс» ЖШС.

Сонымен қатар аталмыш бағыттың 33-48 шақырым жолын «Қызылорда жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жөндесе, «Жол Болсын ХХІ» ЖШС қадағалайды. Бұл жолдың құрылысы да екі кезеңге қарастырылған. Былтыр 8 шақырым жолға асфальт жабыны төселді. Қамысты ауылына кіреберіс 14 шақырым жолды да «Қызылорда жолдары» ЖШС күрделі жөндеуде. Биыл жұмыстар өз мәресіне жетеді. Сондай-ақ жоғарыда аталған мердігер Ақоба ауылының 23 шақырым кірме жолының күрделі жөндеу жұмыстарын бастайды. Жолдың құрылысы 2023-2024 жылдарға қарастырылған. Сол сияқты былтырдан бері құрылысы жүріп жатқан Ш.Мәжитов пен Т.Әбдірахманов көшелері биыл аяқталады. Асфальт төсеу жұмыстарын «Ақтөбе Жарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқаруда. Биыл «Жайық Сити» ЖШС Жәнібек ауылының солтүстігіндегі 9 жаңа көшеге жаяу жүргіншілер жолын бітірсе, Ақоба ауылындағы жаяу жүргіншілер жолды абаттандырады. Сонымен қатар аталған мердігер Жақсыбай ауылындағы жаяу жүргіншілер жолының құрылысын жүргізеді.
Аудан басшысы Азамат Сафималиұлы күн тәртібіндегі аталған мәселелер бойынша мердігерлерге нақты тапсырма беріп, жұмысты сапалы және уақтылы атқаруды тапсырды.

IMG_20230209_160957
Айта кету керек, қазіргі таңда құрылыс материалдарын тасу жұмыстары жүріп жатыр.

Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале