29.05.2023, 17:45
Оқылды: 10

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы

Бүгін депутат Тахир Қадимовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті бесінші сессиясы өтіп, оған аудан әкімі Тимур Шиниязов, облыстық мәслихаттың депутаты Есқайыр Елемесов, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауылдық округтердің әкімдері, Жәнібек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы мен бөлім басшылары қатысты.

Screenshot_20230529_161423_Gallery

Сессияның күн тәртібінде «Жәнібек ауданының 2022 жылға арналған аудандық бюджетінің атқарылуы туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сариев, «2022 жылға арналған ауданға қарасты тоғыз ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы» ауылдық округтердің әкімдері, «Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру» және «Балалардың еңбегін қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы» аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бағида Сарбалина, «Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бюджеттік бағдарламаларды орындауы туралы» аталған бөлімнің бас маманы Арман Түйебаев хабарлама жасады.

Сондай-ақ аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 9 қаңтардағы «Жәнібек ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.
Қаралған мәселелер аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларында талқыланып, сессияға бекітуге жолданғандықтан және шешім жобалары депутаттарға таратылып берілгендіктен, олар шешім жобаларын бірауыздан бекітті. Сол сияқты басқа жерге қоныс аударуларына байланысты өздерінің берген өтініштері негізінде №140 және №143 учаскелік сайлау комиссиясының екі мүшесі комиссия құрамынан шығарылды.
Сессияда аудан басшысы Тимур Серікұлы сөз сөйледі.

Асқар Құсайынов,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале