19.01.2024, 15:15
Оқылды: 36

Аудандық сотқа 208 арыз түскен

Бүгін Жаңақала аудандық сотында 2023 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті.

IMG_0628

Аудандық соттың төрағасы Меңдіғали Бақтығұловтың айтуынша, өткен жылы аудандық сотқа 208 арыз түскен.

Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 17 талап арызға көбейген. Қозғалған істер саны 175, яғни 37,5 пайызға көбейген.

Былтыр қаралып аяқталған істің саны — 196. 2022 жылмен салыстырғанда 48 іске артқан. Аяқталған істер бойынша 110 іске шешім шығарылса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 79 істі құраған. Ал 34 іс қараусыз қалдырылып, оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен 73 іс қаралған. 2022 жылмен салыстырғанда 31 іске көбейген. Былтыр 15 іске сот бұйрығы шыққан. 110 шешім шығарылған істің аппеляциялық сатыда қаралған екі ісі өзгеріссіз қалдырылған.

Сондай-ақ Меңдіғали Жүсіпбергенұлы 33 тұлғаға қатысты 28 қылмыстық іс түсіп, 2022 жылдың 12 айында 35 іс 56 тұлғаға қатысты аяқталғанын, жергілікті соттың үкімімен өткен жылы 16 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қаралып, үкім шығарылғандығын, яғни алты адам ауыр, алты адам орташа деңгейдегі, үш адам кішігірім қылмыс жасап және бір адам теріс қылық көрсеткені үшін сотталғандығын айтты.

Сонымен бірге мобильді бейнебайланыс құралдары Трункофф, ВКС, Whatsapp әлеуметтік желілері арқылы 2023 жылы 528 іс қаралғандығын тілге тиек етті.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале