12.10.2023, 16:45
Оқылды: 25

Аудандық турнирде бақ сынады

Қаратөбе аудандық дене шынықтыру – сауықтыру кешенінде «Ізгілік» деструктивтік діни ағымдардан қорғау және көмек көрсету орталығы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында Пробация қызметі есебінде тұрған азаматтар арасында «Спорт - денсаулық кепілі» атты аудандық турнир өтті.

IMG_20231012_150846

Аталмыш турнирге қатысушы спортшылар қол күресі, үстел тенисі, кермеге тартылудан өзара сайысқа түсті.

Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Қайрат Төлепов және аудан прокурорының көмекшісі Ерік Нұрмағамбетов сапта тұрған жарысқа қатысушыларды турнирдің ашылу салтанатымен құттықтады.

Сондай-ақ спорттың адам өміріндегі маңыздылығына тоқталып, аталмыш сайыста олардың жеңіс тұғырынан көрнулеріне тілекші екендіктерін жеткізді.

IMG_20231012_150903

Турнирдің қорытындысында қол күресінен мықтылығын танытқан Радик Қаратаев І орынды жеңіп алды.

Ал кермеге тартылудан алдына жан салмаған Мәжен Нұрғиса жеңіске жетті.
Үстел тенисінен шапшаңдығы және ептілігімен көзге түскен Алтынбек Ниязов І орынды иеленді.
Жарыс жеңімпаздары «Ізгілік» қоғамдық бірлестігінің дипломдары және сыйлықтарымен марапатталды.

ТУРНИР9

Аталмыш турнирдің өтуіне белсене атсалысқан Қаратөбе балалар - жасөспірімдер спорт мектебінің бапкерлері Нұрхат Нысанов, Аманша Зейнелов, Мағжан Серіковтерге алғысхаттар мен сыйлықтар табысталды.

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале