28.12.2021, 15:10
Оқылды: 58

Ауданға ажар берген рухани орталық

Бүгін Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Казталов ауданы халқы тағы бір жақсы іске куә болды. Аудан әкімдігінің қолдауымен мәдени, рухани, ақпараттық білім беру орталығы күрделі жөндеуден өтіп, заман талабына сай жаңаша жабдықталды.

IMG-20211228-WA0017

Осы ретте бүгін Елбасының «Болашаққа бағдар :рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ауылдық кітапханаларды мәдени, ағарту және ойын-сауық орталықтарына модернизациялау туралы» ережесіне сай Казталов аудандық кітапхана жанындағы коворкинг орталығының ашылу салтанаты өтті.

Күрделі жөндеуден өткен рухани орталықтың ашылуына Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Шолпан Қуанышқалиқызы, облыстық зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының директоры Марфуға Кеңесқызы,
кітапхана ардагерлері Салтанат Тасқалиқызы қатысты.

IMG-20211228-WA0019

Ашылу салтатында сөз алған аудан әкімі Альберт Есалиев оқырмандар үшін қызмет ететін орталыққа айналсын деген лебізін білдірді.

Бүгінгі ашылып отырған коворкинг орталығын коммуникативті орта деп айтуға болады. Бұл орталық кез келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуға, қажетті ақпараттарды алуға, кездесулер, тренингтер өткізуге мүмкіндік береді. Орталық та сіздің қажетіңізге жарайтындай қызмет көрсетеді.

RELAX (демалыс) аймағы – бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында оқырман газет-журналдармен танысып, караокемен ән салып, шашка ойнап, шаршағанда бір шыны аяқ кофемен бойын сергітіп, мотивациялық кітаптарды оқи алады.

Интернет аймағында кез келген оқырман өз қажеттілігіне орай электронды e.gov.kz қызметі арқылы анықтамалар ала алады, интернет жүйесіне еркін кіреді, сонымен қатар өздеріне қажетті кітаптарды электронды форматқа айналдыру арқылы кітаптарды жүктей алады.

IMG-20211228-WA0014

Мүмкіндігі шектеулі жандарға және салт-дәстүрге арналған аймақ – бұл жерде көзі нашар көретін және мүмкіндігі шектеулі жандар типлофлеер арқылы брайл жүйесіне арналған кітаптар оқи алады.

Coworking kids -  балаларға бөліміне арналған аймақ. Балабақшадан 8-сыныпқа дейінгі балалар бұл аймақта ойын ойнап, сурет салып, шығармашылық қабілеттерін дамытып, әртүрлі ертегі кітаптарды оқиды.

IMG-20211228-WA0013

2 қабатта «30 жыл! 30 асу! 30 белес!» кітап көрмесінің таныстырылымы өтті. CREATIV world аймағы – бұл жерде оқырмандарымыз «Онлайн әдебиет» түрлі форматтағы кітапханалық ақпараттық ресурстарды пайдалану, шеберлік сыныптар, зияткерлік ойындар, дәрістер, ақпараттық үстелдер өткізеді.

Шеберлік сыныбында жеке кәсіпкер Даражат Гиляжева өз өнімдерін ұсынса, конференция залында «Кітапхана  - Тәуелсіздік жылдарында» бейнебаян тамашаланды.

Мереке қарсаңында рухани саланың бір топ мамандары алғысхаттармен марапатталды.

Жұлдыз Асқар,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале