2.09.2021, 11:39
Оқылды: 41

Ауданның 14 елді мекені кең жолақты интернет желісіне қосылған

Бүгін аудан әкімдері әр өңірдің Тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы халық алдында есеп беруді бастады. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында алғаш болып Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжановтың баяндамасы тыңдалды.

инет

Қазіргі уақытта Бәйтерек ауданы құрамында 22 ауылдық округ, 68 елді мекен бар. Ауданда 2021 жылғы 1 шілде бойынша халық саны 59 727 адам болса, соның 12388-і жас, яғни 23%-ы жастар. Айта кетейік, ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылдың 28 желтоқсанындағы №820 Жарлығына сәйкес Зеленов ауданының атауы Бәйтерек ауданы болып ауыстырылған болатын.

Аудан әкімі еліміз егемендік алған алғашқы жылдардағы қиындықтарға тоқталып, бүгінгі қол жеткізген жетістіктер туралы баяндады.

сссс

- Тәуелсіздік жылдары заманауи технология өмірімізге дендеп еніп, халықтың күнделікті тұрмысына қажеттілігін өтеп келе жатқанын білесіздер. Бұрынғы ескі байланыс құралдары мен бағдарламаларды жаңа технология өте жылдам ығыстырып, жұмыс өнімділігі артты. Ауданда екі халыққа қызмет көрсету орталығы ашылып, құжат айналымы, мемлекеттік қызмет алу толықтай цифрландырылды. Әр округте өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жасақталды. Билік пен халықтың өзара тиімді әрі ашық байланысы үшін «Е-Өтініш» бағдарламасы іске қосылды. Ауыл шаруашылығында баламалы энергия күн панельдері пайдаланылып, «Электронды бақташы» қолданысқа енді. «Ақпараттық ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» жобасы табысты іске асты. Шаруа қожалықтары жануарларға арналған радиожелілік бирка пайдалануда. Сонымен қатар жер қатынастарын «Геоақпараттық жүйе» арқылы реттеу мүмкін болды. Білім саласында түрлі электрондық бағдарламалар қолданысқа енгізілді. Бүгінде Бәйтерек ауданының 68 елді мекені толықтай байланыс желісімен қамтамасыз етілген. Өткен жылы Раздолный, Чеботарев, Сұлукөл, Чиров, Кирсанов ауылдарына мобильді интернет қосылды. Ауданның 14 елді мекені кең жолақты интернет желісіне қосылған, - деді Марат Лұқпанұлы.

Спикердің айтуы бойынша, өткен жылы Белес, Достық, Новенкий, Железнов, Зеленый, Калинин, Новенкое, Янайкин, Январцев ауылдарында орналасқан әлеуметтік маңызды мекемелерге кең жолақты интернет жеткізілген. Сондай-ақ «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында мемлекеттік-жеке серіктестік арқылы ауданда Переметный, Калинин, Үлкен Шаған, Көшім, Дариян, Мичурин, Асан сынды жеті елді мекенде барлығы 243 бейне бақылау камералары қойылған. Бұл жүйе қоғамдық тәртіпті сақтауда, қылмыстың жолын кесу және ізін ашуда тиімділігін көрсетуде. Биыл Янайкин, Трекин, Достық ауылдарында бейнебақылау камераларын қою жоспарлануда.

 

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале