7.05.2026, 23:57
Оқылды: 5

«Әуенге айналған тағдыр» атты қайырымдылық кеші өтті

Бүгін С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығында «Әуенге айналған тағдыр» атты қайырымдылық кеші өтті.

photo-output

Қайырымдылық кешінде бірнеше республикалық байқаулардың жүлдегері, алтын дауысымен халық жүрегінен орын алған Шынар Болатқызы, әнші-сазгер, әскери әндердің композиторы, мәдениет саласының үздігі, шекара қызметінің ардагері, «Ақжайық толқыны» әуесқой ақындар бірлестігінің мүшесі Қуат Ахметов, «Дүние таланттары» одағының үздік әншісі Сезім Хабду, Ержан Абжанов өнер көрсетті.

image-07-05-26-05-30-1

Қайырымдылық кешінен түскен қаражат тағдырдың жазуымен көру қабілетінің 80 пайызынан айырылғанымен, өмірдің әрбір сәтін әсем әнімен өрнектеп жүрген Шынар Болатқызының алдағы уақытта жүретін ем-домына жұмсалмақ.

Тағдырдың түрлі сынақтарына қайсарлықпен төтеп беріп, өз тағдырын әуенге айналдырған Шынардың орындауындағы әндер көрермен көңілінен ерекше ықыласқа ие болды. Оның нәзік дауысынан аты аңызға айналған Күләш пен Бибігүлдің әуезді әуені естіліп, тыңдарманның құлақ құрышын қандырды. Әсіресе, бұлбұл үнмен шырқалған «Гәкку» әні көрермендерді ерекше шабыттандырды.

image-07-05-26-05-30-2

Кеш соңында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ержан Құмарғалиевке, Шынар Болатқызына, Қуат Ахметовқа және Ержан Абжановқа алғысхат табыстады.

Гүлнұр Бөлешова
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале