7.02.2024, 23:18
Оқылды: 44

Ауған ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай “Достық үйінде” аудандық жастар ресурстық орталығы мен Бөкей ордасы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен “Ардагерлер – асыл ерлер” атты кеш өтті.

IMG-20240207-WA0099

Кешке аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, бөлім басшылары, Ауған соғысының ардагерлері қатысты.

IMG-20240207-WA0100

Алдымен сөз алған аудан әкімінің орынбасары Кенесары Бекболатұлы: “Бейбіт заманда сан мыңдаған шаңыраққа қасірет әкеліп, ата-ананың көз жасын көлдей қылған Ауған соғысы қаншама жерлестеріміздің тағдырына қатты әсер етті. Содан бері бұл күн – ерлікке тағзым етіп, боздақтарды еске алатын қасиетті күн болып саналып келеді. Кезінде басын қатерге тігіп, батырлық пен қайсарлықтың, ерен ерліктің үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған жауынгерлерді мәңгі есте сақтау, қадірлеп-құрметтеу біздің және келер ұрпақтың борышы. Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін, - деді. Содан соң Ауған соғысы ардагерлеріне Лариса Тельманқызы ізгі лебізін білдіріп, алғысхат табыс етті.

IMG-20240207-WA0098

Шарада Хан Ордасы музей-қорығы дайындаған бейнефильмі көрсетіліп, Ауған соғысының ардагерлері естеліктермен бөлісті.

IMG-20240207-WA0096

Сонымен қатар мектеп оқушылары жыр шумақтарын арнап, өмірі ерлік пен аңызға толы ағаларымызбен келелі сұхбат жүргізді.

Ақсәуле Әлжанова,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале