15.02.2023, 17:30
Оқылды: 20

Ауған соғысы ардагерлерімен жүздесті

Теректі аудандық «Қазына» коворкинг орталығында аудан әкімі Тілек Габдушев ауған соғысы ардагерлерімен жүздесті. Кездесуге ауылдық округтерде тұратын ардагерлер, аудан әкімінің орынбасары Дамир Ғұмаров және бөлім басшылары қатысты.

IMG-20230215-WA0048

Жиын барысында ардагерлер тұрғын үй кезегі, ауыл ішілік жол, ауыз су, көгілдір отын секілді мәселелерді ортаға салды. Аудан басшысы сауалдарға жауап беріп, шешу жолдарын ұсынды.

IMG-20230215-WA0049

Жүздесу одан әрі мәдениет үйінде дайындалған мерекелік концертке жалғасты. Ең алдымен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мамандары кітап көрмесімен таныстырды.

IMG-20230215-WA0045

Ауған соғысының ардагерлері залға қарай беттегеннен-ақ көрермендер тік тұрып, қошемет көрсетті. Қаза болған жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

IMG-20230215-WA0042

Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Е.Мағзом «Алға», Д.Жұмағалиев «Ақжайық», А.Дәулетқалиев «Офицеры», К.Қадырғалиева «Қазағым», Қ.Сағидуллин «Ауған елі» т.б әндерді шырқады.  Аудандық «Дат» театрының әртістері өлең жолдарын оқыды.

 

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz​

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале