16.02.2022, 15:40
Оқылды: 58

"Ауғанстан менің тағдырымда"

Кеше Батыс Қазақстан облыстық тарихи өлкетану музейінің бөлімі М.Шолохов мемориалдық кешенінде Кенес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай «Ауғанстан менің тағдырымда» атты кездесу кеші өтті.  

IMG-20220216-WA0013

Шараға КСРО Қарулы Күштері қатарында Отан алдындағы борышын Ауған елінде өтеген Ерболат Бегежанов, Александр Бахарев және Талғат Дауов сынды азаматтар келді. Кеште ауған соғысы туралы мәліметтер оқылып, жауынгерлер бастан кешкен оқиғаларымен бөлісті. Сондай-ақ кездесуде ауған соғысына арналған бейнероликтер көрсетіліп, мәдениет үйінен “НҰР -ӘДІЛ” дуэті мен А.Каренский ауған соғысына арналған әндерін тарту етті.

IMG-20220216-WA0009

Тарихтан сыр шерткен кешке Абай атындағы мектеп-гимназия-интернатының оқушылары да қатысып, өлең жырлардан үзінділерін оқыса, АӘД пәнінің мұғалімі Асұлан Айдарханов жетекшілік ететін «Жас жауынгер» әскери-патриоттық клуб мүшелері «Ерлік» спорттық ойынын өткізді. Онда АК74 автоматының оқу макетін шашып–жинау, оқжатардағы оқты шашып – жинау, газтұмылдырық кию және де жалпы әскери қорғаныс киімін кию бағытында әскери сәттерді көрсетті.

IMG-20220216-WA0010

Соңынан жиналғандар ауған соғысына қатысты сұрақ-жауаппен алмасып, білімдерін шыңдай түсті.

IMG-20220216-WA0011

Сонымен бірге кешке ауыл әкімі Тілек Какенов те келіп, ауған соғысы ардагерлерін марапаттаса, Шолохов мемориалды музейінің меңгерушісі Антонина Пудова ардагерлерге арналған арнайы кәдесый табыс етті.

Кошаева А,

Бәйтерек ауданы 

Шолохов мемориалдық музейінің

экскурсовод маманы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале